Шаруа (фермер) қожалықтарының №____ есеп кітабы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 279 Бұйрығы
(2013.28.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 77 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Статистика агенттігі төрағасының 2013.28.11. № 279 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Шаруа немесе фермер қожалықтарының № ___ есепке алу кітабы» (коды 1827114, индексі 1-фермер, кезеңділігі бес жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Шаруа немесе фермер қожалықтарының № ___ есепке алу кітабы» (коды 1827114, индексі 1-фермер, кезеңділігі 5 жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулыққа, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілген»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Күрішбаев
2010 жыл
ҚР Статистика агенттігі төрағасының 2013.28.11. № 279 Бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының