ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004* өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағаның міндетін
атқарушының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 376 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевтың 2010 жылғы 9 маусымдағы № 20-20/И-269 тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ сәулет, қала құрыдысы және құрылыс саласында мемлекеттік нормативтерді жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы білім беретін мекемелер» ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004* нормативтік-техникалық құжатына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қолдану саласы» деген 1-бөлімде:
үшінші абзацта:
«шағын мектептерден басқа,» деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзац алынып тасталсын;
«Нормативтік сілтемелер» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығымен бекітілген «Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормалары»;
«Жалпы талаптар» деген 4-бөлімнің «Үй-жайлардың функционалды топтарына, құрамына және алаңдарына қойылатын талаптар» деген 4.4-кіші бөлімінің 4.4.5*-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«300 оқушыға дейінгі шағын мектептер үй-жайларының құрамы мен алаңдарына қойылатын негізгі талаптар 28*-1-қосымшада келтірілген. 28*-1-қосымшада көрсетілмеген шағын мектептерді жобалау және салу нормаларын барлық жалпы білім беретін мектептерге қолдану керек.»;
2-қосымша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Шағын мектептер - саны жағынан оқушылары аз, сынып - комплектілері біріктірілген сабақ жүргізілуі өзгеше ұйымдастырылған жалпы білім беретін мектеп»;
«300 оқушыға дейінгі шағын мектептер үй-жайларының құрамы мен алаңдарына қойылатын талаптар» деген 28*-1-қосымшамен толықтырылсын (қоса берілген).