Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 776 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 776 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің
2010 - 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымдауы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің (бұдан әрі - МГМ) миссиясы - бәсекелестік қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында көмірсутек шикізаты бөлігінде отын-энергетика кешенін дамыту, экономиканың көмірсутек ресурстарына өсіп отырған қажеттігін қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту.
МГМ-нің пайымдауы:
Дамыған мұнай-газ өнеркәсібі және көмірсутек шикізаты тасымалының және магистралдық құбыржол көлігінің дамыған жүйесі.
2-бөлім. Тиісті салалар (аялар) қызметінің ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы қатынастарды реттеуді жақсарту.