Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 631 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 17-02/482 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 78-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу ережесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 31 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4565 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 11 наурызда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж.Ы. Омаров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 631 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы
объектілерді анықтау, құру, аттестациялау және есепке алу
ережесі
1. Негізгі ережелер