Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1272 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 29 ноября 2010
Статус
Действующийвведен в действие с 29 ноября 2010
Дата последнего измененияпонедельник, 29 ноября 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын
бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1272 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 29 қарашадағы

№ 1272 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық

жоспарларын бақылауды жүзеге асыру

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын орындаудың толықтығын және уақтылығын талдауды, оның ішінде бұзушылықтарды анықтау, жою және болдырмау мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер жолымен жүзеге асыру бақылау болып табылады.

3. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары - бұл мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, нәтижелер көрсеткіштерін айқындайтын, қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламаларды қамтитын құжат.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды үйлестіруді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами