Облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXI сессиясы) 2009 жылғы 22 желтоқсандағы «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 259/21 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 323/29 шешімі
Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 1-11/560 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы «2010 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы» № 1274 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың (IV сайланған ХXI сессиясы) 2009 жылғы 22 желтоқсандағы «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3147 болып тіркелген, «Сарыарқа самалы» газетінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 148, 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 150, «Звезда Прииртышья» газетінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 148, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 1 санында жарияланған) № 259/21 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің 1-тармағы:
1)-тармақшасындағы:
«67902840» деген сандар «67896259» деген сандармен ауыстырылсын;
«55151058» деген сандар «55144477» деген сандармен ауыстырылсын;
2)-тармақшасындағы «67839203» деген сандар «67832622» деген сандармен ауыстырылсын;
шешімнің 8-2 тармағындағы «1891508» деген сандар «1887575» деген сандармен ауыстырылсын;
шешімнің 10-тармағы мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«көлік құралдарына мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу бойынша - 250 мың теңге.»
шешімнің 13-тармағындағы «160900» деген сандар «156770» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.