Алматы облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 26-162 шешімі
(2010.13.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8 - бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1 - тармақшасына және Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облыстық мәслихатының 2010.28.01. № 27-173 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.25.03. № 31-185 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.12.04. № 32-188 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.16.06. № 34-201 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.16.08. № 36-209 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.13.10. № 37-212 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиесінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға төмендегі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер - 167009156 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 17960027 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 66194 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 3202 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 148979733 мың теңге, оның ішінде:
аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдар - 14989520 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы - 129464191 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 27950164 мың теңге, оның ішінде:
білім беруге - 1689049 мың теңге;
денсаулық сақтауға - 6227936 мың теңге;
әлеуметтік көмекке - 1084202 мың теңге;
мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға - 164626 мың теңге;
елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін - 61405 мың теңге;
ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар - 6520749 мың теңге;