Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсартудың қадамдық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 156-ө Өкімі
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2010 жылғы 25 сәуірдегі № 01-7.7 хаттамасының 2.4-тармағын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсартудың қадамдық жоспары (бұдан әрі - Қадамдық жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1) Қадамдық жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Қадамдық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қадамдық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 156-ө өкімімен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсартудың
қадамдық жоспары
№ | Іс-шара атауы | Орындау мерзімі | Орындауға (іске асыруға) жауаптылар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Теңгерімдерді «нашар борыштардан» тазарту |
1.1 | кредиттерді қайта құрылымдау, оның ішінде борыштың бір бөлігін қарыз алушылардың акцияларына (капиталға қатысу үлесіне) айырбастау, ЕДБ-нің есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар мен өсімпұлдар) ықтимал есептен шығаруы арқылы қарыз алушылардың ауыртпалығын төмендету, ал жекелеген жағдайларда осындай кредиттер бойынша ЕДБ қалыптастырған провизиялар сомасы шегінде ЕДБ-нің қарауы бойынша қарыз алушылардың міндеттемелерін есептен шығару жолымен қайта құрылымдау жөнінде бағдарламаларын (акциялар) әзірлеу және іске асыру мүмкіндігін қарастыру | 2011-2015 жылдар | ҚҚҚ (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша) |