2010 жылға облыстың тұншығу қаупі бар су айдындарында жаппай ауыру, дүлей зілзала кезінде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 296 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 1, 10, 21, 34-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 «Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2010 жылға облыстың тұншығу қаупі бар су айдындарында жаппай ауыру, дүлей зілзала кезінде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсету бойынша облыстың тұншығу қаупі бар су айдындарының (учаскелерінің) және балық шаруашылығының жауапты субъектілерінің (келісім бойынша) тізбесі бекітілсін.
2. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына (келісім бойынша):
1) Атырау облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясымен (келісім бойынша) бірлесе отырып, облыстың тұншығу қаупі бар су айдындарында жаппай ауыру, дүлей зілзала кезінде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсету бойынша іс-шаралардың тізбесін белгілеу;
2) тұншығу қаупін болдырмау үшін орындалу мерзімдерін көрсетіп, су объектілері балық шаруашылығы мелиорациясының іс-шаралар тізбесін белгілеу;
3) 2010 жылға облыстың тұншығу қаупі бар су айдындарында жаппай ауыру, дүлей зілзала кезінде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсету бойынша балық шаруашылығының жауапты субъектілерімен келісім-шарттар жасасу;