Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 ж. 18 қыркүйектегі № 194 бұйрығы
(2004.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 71-бабын іске асыру және бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыруын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу мақсатында, Бұйырамын:
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесі бекітілсін.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің облыстар және Астана қаласы бойынша басқармаларының басшылығы осы Ережені бөлімшелердің жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы әділет полковнигі Н.Р.Смағұловқа жүктелсін.
4. Бұйрық әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
генерал-полковнигі
2003 жылғы 05.09
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2003 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 194 бұйрығымен
бекітілген
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сотталғандарды бас бостандығынан айыруға айдауылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) сотталғандарды көліктің арнайы түрлерінде айдауылдау тәртібін реттейді, қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін тәсілдерді белгілейді.
2. Түзеу мекемелерінде (бұдан әрі - ТМ) сотталғандарды айдауылдау жөніндегі міндеттерді орындау үшін күзет қызметі қызметкерлерінің ішінен айдауыл тағайындалады.
Айдауылдың міндетіне:
1) жоспарлы бағыттардың алмастыру пунктіне және кері қарай сотталғандарды айдауылдау. Айдауыл сотталғандарды қабылдауды (тапсыруды) жүргізетін түзеу мекемесінің орналастыру пункттеріндегі станциялар, айлақтар, аэропорттар бағыттағы орын алмастыру пункттері болып табылады;
2) сотталғандарды денсаулық сақтау органдарының емдеу-алдын-алу мекемелеріне және кері қарай айдауылдау кіреді.