Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Геральдикалық кеңесі және оның құрамы жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 526 бұйрығы
(2017.11.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ведомстволық геральдикасын (символикасын) қалыптастыру және дамыту саласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) қызметін жетілдіру мақсатында және ІІМ ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістеріне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) ІІМ-нің Геральдикалық кеңесі туралы ереже (1-қосымша);
2) ІІМ-нің Геральдикалық кеңесінің құрамы (2-қосымша) бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Геральдикалық кеңесі туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы» 2008 жылғы 20 маусымдағы № 231;
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 231 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 490 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Тыл департаментіне (А.Е. Исабеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 526 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Геральдикалық кеңесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер