Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ережелерін іске
асырудың кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 38 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 966 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ережелерін іске асырудың 2011 жылға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) Жоспарды орындау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 3 ақпандағы
№ 38 бұйрығымен бекітілген
Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның
ережелерін іске асырудың 2011 жылға арналған кешенді жоспары
№ р/н | Іс-шара атауы | Орындалу мерзімдері | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көздері |
1. Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясын енгізу процесін заңнамалық сүйемелдеу |
1. | «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу | «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданғаннан кейін 2 ай ішінде | ҚР Үкіметі қаулысының жобасы | БҚҚК ҚҚМСД | талап етілмейді |