Қазақстан Республикасында жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 25 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 97 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес және халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 685 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Б. Садықов |
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 6 қаңтардағы
№ 25 бұйрығына
қосымша
Орысша мәтіні түпнұсқаға сәйкес
Бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері
| № | Бейін | МЭХ | Медико-экономикалық хаттама (әрі қарай - МЭХ) | Қызмет, операция коды | Қызметтердің, операция атауы |
| 1 | Хирургиялық | 01-102 | Оперативті емдеу ЖММК Балалардағы бас және жұлын мидың шеттерін кист, қарыншаларын дренаждау, шунттау эндоскопиялық вентрикулостомия | 80.591 | Омыртқааралық дисктердің лазерлік деструкциясы |
| 02.391 | 3-ші қарынша түбінің вентрикулостомиясы (эндоскопиялық) |
| 03.799 | Нейрохирургиялық навигация |