«Облыс шаруашылықтарына жатаған үкекіре бойынша карантин қою және оның таралуына жол бермеу мен жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы» облыс әкімдігінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 409 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 27 қазандағы № 09-13/143 ұсынысы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2007 жылғы 28 қырқүйектегі № 307 «Облыс шаруашылықтарына жатаған үкекіре бойынша карантин қою және оның таралуына жол бермеу мен жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3226 тіркелген, 2007 жылғы 13 қарашада «Ақтөбе» газетінде № 138 және 2007 жылғы 20 қарашада «Актюбинский вестник» газетінде № 142 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кесімнің кіріспесіндегі «мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулысының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2010 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 409 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысының жатаған укекіре бойынша карантинге қойылған шаруашылықтар
тізімі
Аудандар атауы | Округтердің атауы | Шаруашылықтар атауы |
Әйтекеби | Комсомол | «Ақмарал» ш/қ |
«Мақсат» ш/қ |
«Әсем» ш/қ |
«Жанқұлан» ш/қ |
«Нұр-Жан» ш/қ |
«Жалғас» ш/қ |
«Қарабала» ш/қ |