Облыс шаруашылықтарына жатаған укекіре бойынша карантин қою және оның таралуына жол бермеу
мен жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 307 қаулысы
(2008.03.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1, 14 баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес жатаған укекіренің анықталған ошақтарын жою мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әйтеке би, Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің аумақтарында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақ белгіленсін.
2. Қосымшаға сәйкес жатаған укекіремен ластанған шаруашылықтарға жатаған укекіре бойынша карантин қойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) жатаған укекіремен күресудің шаралары мен әдістемелік нұсқауларына сәйкес укекіре ошақтарының таралуына жол бермеу және оларды жою шараларының мерзімінде және жоғары сапада жүргізілуіне тұрақты түрде бақылау жасайтын болсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ.Өмірзақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және баспасөзде ресми түрде жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданыла бастайды.
Облыс әкімі
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2008.03.01. № 1 Қаулысымен тізім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Облыс әкімдігінің
2007 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 307 қаулысына 1 қосымша