Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау,
құру, аттестаттау және есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 784 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 77-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу ережесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым өсіру мақсатындағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 39 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4561 тіркелген, 2007 жылғы 7 қыркүйектегі «Заң газетінде» № 137 (1166) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж.Ы. Омаров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 784 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы
объектілерді анықтау, құру, аттестациялау және есепке алу
ережесі
1. Негізгі ережелер