2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 333 шешімі
Осы редакция 2011 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 8 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357 «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 80 242 746 мың теңге,
оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша 27 111 448 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша 399 996 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 52 731 302 мың теңге;
2) шығындар - 79 867 748 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 2 574 371 мың теңге,
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 3 311 291 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 736 920 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын
операциялар бойынша сальдо - 300 000 мың теңге,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 300 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы- - 2 499 373 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын
қаржыландыру - 2 449 373 мың теңге.
2. 2011 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:
1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына - 24 пайыз, Мұғалжарға - 54 пайыз, Темірге - 71 пайыз, Хромтауға - 27 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан;