«Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 85 бұйрығы
«Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 333 Бұйрығы мемлекеттік тіркеуден өтті
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандагы № 633 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448-мен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1650) ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
7-қосымшада:
қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін (салық салуға байланысты) тіркеу карточкасының нысанын осы Бұйрықтың қосымшасына сәйкес мазмұндалсын;
қосымша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: