Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының
Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2011 жылға арналған шығыстар сметасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 155 Қаулысы
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 1664 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2011 жылға арналған шығыстар сметасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілін және оның аппаратын қаржыландыруды қоса беріліп отырған шығыстар сметасына сәйкес 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 013 «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа да органдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебін жүзеге асырсын.