2011-2013 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 374 шешімі
(2011.18.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 4 желтоқсан 2008 жылғы Бюджет кодексіне, 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXVI сессиясының 2011.18.01. № 394 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2011-2013 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемдерде:
1) кірістер - 254 812 899 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 176 653 200 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 872 300 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 538 000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері-75 749 399 мың теңге;
2) шығындар - 271 712 412 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - - 50 000 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 50 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 3 548 015 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 3 548 015 мың теңге;
5) бюджет профициті - - 20 397 528 мың теңге;
бюджет профицитін пайдалану - 20 397 528 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен түсімдер есебінен құралады деп белгіленсін:
- жеке табыс салығынан;
- әлеуметтік салықтан;
- заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;
- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;
- жер салығынан;
- заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;
- жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;
- бірыңғай жер салығынан;