2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-29-2 шешімі
Осы редакция 2011 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 90 268 990 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 8 732 088 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 48 692 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2 012 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 81 486 198 мың теңге;
2) шығындар - 90 240 721 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 404 740 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 998 742 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 594 002 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 3 390 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 4 390 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - - 379 861 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 379 861 мың теңге.
2. Облыстық бюджетке, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) облыстық бюджетке төлем көзінен салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100%;
3) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100%.