Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 283 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1542 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 63-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта:
«көрсету» деген сөз алынып тасталсын;
«беру жөнінде мемлекеттік» деген сөздер «беру» мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеке қосаsлқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 наурыздағы
№ 283 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2318 қаулысымен
бекітілген
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер