2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/369-4с шешімі
(2011.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2011.05.03. № 46/393-4с шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 38 245 859 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 19 733 964 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 35 822 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 184 467 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 16 291 606 мың теңге;
2) шығындар - 44 249 181 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 11 558 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 558 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы - -5 991 764 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 5 991 764 мың теңге, оның ішінде, қарыздар түсімі - 6 004 141 мың теңге, қарыздарды өтеу - 699 000 мың теңге, бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары - 686 623 мың теңге.
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2011.05.03. № 46/393-4с шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2011 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттері келесідей мақсаттарға қарастырылғаны ескерілсін:
білім беру нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге - 215 000 мың теңге;