Астана қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы
Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 408/54-IV Шешімі
(2011.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 11 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Астана қаласы мәслихатының 2011.09.02. № 429/57-IV Шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Астана қаласының 2011-2012 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 220 097 531,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 67 297 309 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 544 516,8 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 8 315 000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 143 940 706 мың теңге;
2) шығындар - 225 493 144,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - (-636 968) мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 636 968 мың теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 450 360 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 450 360 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (-5 209 004,2) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 5 209 004,2 мың теңге;
7) қарыздар түсімі - (-7 900 000) мың теңге;
8) жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы қарызын өтеу (-7 666 929,0) мың теңге;
9) Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 12 085 933,2 мың теңге.
2. «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне төмендегілер есепке алынатындығын назарға алу: