Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 208 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссия - Жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, елдің экономикалық дамуына және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
Пайымдау - Қазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану әрі экономиканың түрлі саласының жергілікті жердің және мемлекеттік топонимиканың қазіргі жағдайына сәйкес келетін геодезиялық және картографиялық өнімдерге қажеттілігін толық қанағаттандыру.
2-бөлім. Жерді пайдалану мен қорғаудың, геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің ағымдағы
жай-күйі мен дамыту үрдісінің талдауы
1. 1-стратегиялық бағыт. «Жер ресурстарын ұтымды пайдалану».
1.1. Жердің жай-күйін және жер ресурстарын пайдалануды реттейтін саланы дамытудың негізгі параметрлері.
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Жайық өзенінің төменгі сағасынан, шығысында Алтай тауларына, солтүстігінде Батыс Сібір ойпатына дейінгі, оңтүстігінде Іле Алатауының тауларына дейін кең аумақты алып жатыр. Жер алаңы бойынша 272,5 миллион гектар жерді құрайтын республика әлемдегі он ірі мемлекет ішіне кіреді.