Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 43 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 365 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 505 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Казақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 43 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау және даму үрдістері» деген 2-бөлімде:
«Отандық ақпараттық кеңістіктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деген кіші бөлімде:
«Дамудың негізгі параметрлері» мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республика халқын жедел ақпараттандыру және елде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға қызығушылығын қолдау, сондай-ақ көрермендерді жаңа қызықты фактілермен және адамдармен таныстыру мақсатында Министрлік қазіргі заманғы жоғарғы технологиялық жабдықты енгізу есебінен мемлекеттік телеарналардың қызметін жетілдіруді жоспарлап отыр.»;
«Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, мақсатты индикаторлары, міндеттері, іс-шаралары, нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Мультимедиялық қызметтерді ұсынуға қызметтерді көрсетуге бағдарланған, қазіргі заманғы технологияларға негізделген өндірісті және АКТ инфрақұрылымын дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымының дамуын қоса алғанда ЖІӨ-дегі АКТ секторы үлесінің өсуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету» деген 1.1-мақсатта: