Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 43 Қаулысы
(2011.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 505 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 47, 428-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1344 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 365 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1652 Қаулысымен (бұр.ред.қара) стратегиялық жоспары өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1734 Қаулысымен стратегиялық жоспары жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 қаңтардағы
№ 43 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссия және пайымдау