Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 43 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 47, 428-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1344 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 қаңтардағы
№ 43 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссия және пайымдау
Миссиясы - ақпарат, байланыс және ақпараттандыру саласында қолжетімді және сапалы қызметтерді ұсынуға, инфокоммуникациялық инфрақұрылымды, отандық ақпараттық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.
Пайымдауы - қазіргі заманғы стандарттарға сай және әлемдік ақпараттық кеңістікке толыққанды кірігуді қамтамасыз ететін дамыған, қолжетімді инфокоммуникациялық инфрақұрылым және қазіргі заманғы жалпыұлттық ақпараттық орта.
2. Ағымдағы жағдайды талдау және даму үрдістері