Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы
Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV Шешімі
(2015.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімімен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Б. Исабаев |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | В. Редкокашин |
КЕЛІСІЛДІ
«Астана қаласының Сәулет
және қала құрылысы басқармасы ММ
(СжҚҚБ) бастығы»
С. Жүнісов
«Астана қаласының Құрылыс
басқармасы» ММ (ҚБ) бастығы
В. Лютов
Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 432/58-IV шешіміне
1 қосымша
Астана қаласының аумағында құрылыс салу
қағидасы
Астана қаласы мәслихатының 2012.25.09. № 69/9-V шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.18.03. № 345/48-V шешімімен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді