Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 сәуірдегі № 439 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Агроөнеркәсіптік кешен салаларын және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген 1-стратегиялық бағытта:
«АӨК өнімдері өндірісін тұрақты арттыру негізінде республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген 1.1-мақсатта:
«Осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары» деген жолдағы «099» деген сандар «090» деген сандармен ауыстырылсын;
«Агроөнеркәсіптік кешен салаларының қызмет көрсететін инфрақұрылымын дамыту жолымен экспорттық тауашаларда орын алу үшін агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілетті сапалы өнімін өндіру» деген 1.2.1-міндетте:
«Тікелей шешу нәтижелер көрсеткіштері» мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асыратын жобалардың саны | есептік деректер | бірлік | | | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 |
7. Бизнес-сектор үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іске асырған жобалардың үлесі | есептік деректер | % | | | 5 | 5 | 10 | 10 | 10 |
»;
«Балық, орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын, табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау, ұтымды пайдалану және өсімін молайту, сондай-ақ сумен тұрақты қамтамасыз ету және су пайдаланудың тиімді деңгейі үшін жағдай жасау» деген 2-стратегиялық бағытта: