Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына)
уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі
төрағасының 2003 ж. 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығы
(2009.23.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.11.03. № 79-НҚ Бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009.23.02. № 58-НҚ Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 және 15-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi туралы ереженiң 21-тармақтың 6) тармақшасы сәйкес, әуежайлар мен аэронавигация қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн берудiң бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлеу мақсатында, бұйырамын:
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.11.03. № 79-НҚ Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Көлiк және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөніндегі департаментi (М.А.Дәрiбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде заңда белгiленген тәртiппен тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелгеннен кейiн: