Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 12 мамырдағы
№ 501 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 Қаулысымен күші жойылды
«Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары көрсетеді.
Қазақстан Республикасының салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының (бұдан әрі - Орталық) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген.
2. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасы, 644-650-баптары негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсынан www.salyk.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталығына 8 (7172) 58-09-09 телефоны бойынша өтініш жасай отырып алуға болады.
Мемлекеттік қызмет стандарты:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Салық комитеті» бөлімінің «Салықтық қызметтерді көрсету стандарттары» кіші бөлімінде;
2) салық органдарының ақпараттық стенділерінде орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) компьютерлік жүйе болып табылмайтын БКМ есепке қою бойынша:
фискалдық жұмыс режимі орнатылған, салық органының пломбасы қойылған БКМ;
белгіленген нысаны бойынша тіркеу нөмірі бар БКМ тіркеу карточкасы;
салық органының лауазымды тұлғасының қолымен, басшысының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақша есебінің және тауар чектерінің кітаптары;
не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту;
2) компьютерлік жүйе болып табылатын БКМ есепке қою кезінде: