Қостанай қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 370 шешімі
(2011.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2011.25.01. № 382 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2011.15.04. № 408 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 14852052,0 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 10530810,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 64120,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 674603,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 3582519,0 мың теңге;
2) шығыстар - 15753648,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 57400,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 57400,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -958996,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 958996,5 мың теңге.
2. 2011 жылға арналған қала бюджетінен облыстық бюджетке 3207877,0 мың теңге сомасында бюджеттік алымдардың көлемі белгіленсін.
3. Облыстық бюджеттен 2011 жылға арналған қала бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 0 құрайтыны мәліметке алынсын.
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2011.25.01. № 382 шешімімен 3-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді)