«2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 18 шілдедегі № 36/1 Шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 2/12 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 108-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» облыстық мәслихаттың IV шақырымы отызыншы сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешіміне (2011 жылғы 18 қантардағы № 1769 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 25 қаңтардағы «Солтүстік Қазақстан», 2011 жылғы 25 қаңтардағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақша келесі мәтінде мазмұндау:
«1) кірістер - 76 779 090,1мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 9 169 977 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 612 485 мың теңге;
трансферттер түсімі - 66 996 628,1 мың теңге;»;
2) тармақша келесі мәтінде мазмұндау:
«2) шығындар - 77 119 462,6 мың теңге;»;
4) тармақша келесі мәтінде мазмұндау:
«4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 754 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 754 000 мың теңге;»;
11. тармақ келесі мәтінде мазмұндау:
«11. 2011 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органының резерві 10 000 мың теңге сомада бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріледі).
2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат XXXIV сессиясының төрағасы | М. Лұқпанов |