2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешімі
(2011.12.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.23.02. № 37/381-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.16.03. № 38/389-IV шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.12.05. № 40/393-IV шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 259 092 642 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13 575 634 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 429 189 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 500 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 245 086 319 мың теңге;
2) шығындар - 258 058 974 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 6 793 429 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 7 503 883 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 710 454 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 3 081 978 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 3 081 978 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 8 841 739 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 8 841 739 мың теңге.
2. 2011 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:
Шымкент қаласынан басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 50 пайыз;