«2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 261 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 29 маусымдағы № 293 Шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)тармақшасына, «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 261 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4262 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 13 қаңтардағы 6-7 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшадағы:
«100 295 504» деген сандар «98 296 590» деген сандармен ауыстырылсын;
«2 408 484» деген сандар «408 484» деген сандармен ауыстырылсын;
«89 311 262» деген сандар «89 312 348» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«101 273 946» деген сандар «99 235 032» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
«769 013» деген сандар «809 013» деген сандармен ауыстырылсын;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) 2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымы кезеңінде Қызылорда қаласында жылу беруге байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында - 396 000 мың теңге»;
6-тармақта:
1) тармақшадағы «395 000» деген сандар «622 742» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «297 201» деген сандар «292 007» деген сандармен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.