Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 919 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 537 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысы (ережесі);
2) Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысы бекітілсін.
2. «Мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) туралы Ережені әзірлеу жөніндегі нұсқаулық пен мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің Үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 ақпандағы № 119 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 3, 30-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 919 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің
үлгі жарғысы (ережесі)
1. Жалпы ережелер
1. _________________________________ мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі:_____________________________________________________________________________________.
(республикалық немесе коммуналдық)
3. Мемлекеттік мекеме____жылғы «__»____________шешімімен құрылды.
4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы______________________ болып табылады.
5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган_________________болып табылады.