Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 100 бұйрығы
(2013.22.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.22.10. № 292 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2013.22.05. № 147 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 01-39.26 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарының 5-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.22.10. № 292 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2013.22.05. № 147 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдестемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсыным) бекітілсін.
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013.22.05. № 147 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу кезінде осы Әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алу ұсынылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.