Ветеринария бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын және тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/366 және
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 228 Бірлескен бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына және 15-бабы 1-тармағына сәйкес, бұйырамыз:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес ветеринария жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны;
2) осы бұйрықтағы 2-қосымшаға сәйкес ветеринария бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен соң ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі С.С. Хасеновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрi | А. Мамытбеков |
| Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнің міндетін атқарушы | Т. Сүлейменов |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/366
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің м.а.
2011 жылғы 2 тамыздағы № 228
Бірлескен бұйрығына 1-қосымша