ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/374 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 9 тамыздағы
№ 08-3/465 бұйрығына
2-қосымша
«Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып тіркеу (қайта тіркеу) куәлігін беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - Комитет) ұсынады.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет:
1) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 1-бабы 13) тармақшасының және 8-бабы 13) тармақшасының;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 «Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» қаулысы (бұдан әрі - Ереже);
3) «Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 263 қаулысының;
4) «Жемшөп пен жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттік тіркей отырып тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысы (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - жемшөп пен жемшөп қоспаларына тіркеу куәлігін (қағаздағы тасымалдағышта) беру, не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.