Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-42/16 «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № С-49/5 шешімі
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 06-02/109а Хатымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 106 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-42/16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-136 тіркелген, 2011 жылғы 20 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және 2011 жылғы 20 қаңтарда «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақтың 1, 2 тармақшалары жаңа мазмұнда баяндалсын:
«1) кірістер - 13 450 150,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 6 018 221 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 189 497 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 802 672 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 6 439 760,8 мың теңге.
2) шығындар - 14 537 436,6 мың теңге»;
келесі мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын:
«4-1. Қала бюджетінің шығындарында 546 мың теңге сомасында облыстық бюджетке қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясының таратылуына байланысты, облыстық бюджеттің ысырабын өтеуге арналған нысаналы трансферттерді облыстық бюджетте қарастыру»;
7 тармақ жаңа мазмұнда баяндалсын: