2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-42/16 шешімі
(2011.08.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 06-02/109а Хатымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-29-2 «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011.04.02. № С-43/5 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № С-45/5 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.17.06. № С-47/8 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № С-48/5 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.02.09. № С-49/5 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.03.10. № С-50/5 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.08.11. № С-52/5 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 14 705 208,2 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 6 660 736,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 54 411,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 808 672 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 7 181 388,2 мың теңге.
2) шығындар - 15 545 906 мың теңге;