2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-29-2 шешімі
(2011.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қолданыс мерзімі аяқталуына байланысты Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 2-1-683 Хатымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола облыстық мәслихатының 2011.15.03. № 4С-31-2 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.06. № 4С-33-5 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; Ақмола облыстық мәслихатының 2011.18.08. № 4С-36-6 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.10. № 4С-38-2 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 98 562 942,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 9 611 608,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 371 824,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 005,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 88 571 504,7 мың теңге;
2) шығындар - 100 247 816,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 216 413,1 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 322 342,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 105 928,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 411 881,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 412 881,0 мың теңге;