2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-29-2 шешімі
(2011.18.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола облыстық мәслихатының 2011.15.03. № 4С-31-2 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.06. № 4С-33-5 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; Ақмола облыстық мәслихатының 2011.18.08. № 4С-36-6 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 92 944 336,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 9 299 277,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 283 606,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 8 005,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 83 353 447,7 мың теңге;
2) шығындар - 94 754 210,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 570 661,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 322 342,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 751 681,0 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 286 881,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 287 881,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - - 2 667 416,1 мың теңге;