Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-42/16 «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 3 қазандағы № С-50/5 шешімі
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 06-02/109а Хатымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 106 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-42/16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-136 тіркелген, 2011 жылғы 20 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және 2011 жылғы 20 қаңтарда «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 1, 2, 4 тармақшалары жаңа мазмұнда баяндалсын:
«1) кірістер - 13 963 580,4 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 6 660 736,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 54 411 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 808 672 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 6 439 760,8 мың теңге.
2) шығындар - 14 893 778,2 мың теңге»;
4) Қаржы активтерімен жасалатын операциялар сальдосы - 273 088 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін алуы - 273 088 мың теңге;
10-тармақ жаңа мазмұнда баяндалсын:
«10. 2011 жылға арналған қалалық жергілікті атқарушы органның резерві 144 447,4 мың теңге сомасында бекітілсін.
келесі мазмұндағы 13-1 тармағымен толықтырылсын:
«13-1. Қала бюджетінің шығындарында 20 мың теңге сомасында қарыздар бойынша сыйақыларды төлеу ескерілсін»;
1, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.