Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру Қағидасы туралы» № 9/78-4с шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 55/454-4с шешімі
Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 мамырдағы № 7/53-5с Шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру Қағидасы туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 9/78-4с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-1-77 нөмірімен тіркелген, «Шымкент келбеті» газетінде 2008 жылдың 13 маусымында № 24 жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:
109 тармақ келесідей мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қатты тұрмыстық қоқыстар мен ірі көлемді қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын қоқыс шығарушы ұйымдар мен басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер, осы Қағиданың қосымшасына сәйкес қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемі мөлшерінің бір адамға қалыптасқан есептік айырмасын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі басқармамен келісілген тариф бойынша тұрғындардан төлемақы алуды жүзеге асырады»;
осы шешімге қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Ғ. Ахметбаев |
| Мәслихат хатшысы | Н. Бекназаров |
| КЕЛІСІЛДІ Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы «28» қыркүйек 2011 жыл | Архабаев Нұрлан Төлепбергенұлы |
Шымкент қалалық мәслихатының