Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 қыркүйек № 1292
(2009.30.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1482 қаулысымен тақырбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1482 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы Нұсқаулық қосымшаларымен бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 21, 258-құжат);
2) «Тұрғын үй-жайды жалдаудың үлгі шарты мен тұрғын үй-жайды жалға берудің үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 21, 259-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Н.Балғынбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 1292 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1482 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Нұсқаулық Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан
үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібi туралы