Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «Павлодар қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 79/29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы № 61/39 шешімі
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 1-20/76 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабына, 109-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «Павлодар қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 79/29 шешіміне (4 - сайланған 29 - кезекті сессиясы), (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-165 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «Компаньон» № 52 және 2011 жылғы 10 қаңтардағы «Версия» № 1 газеттерінде жарияланған), төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1-тармағы:
1) тармақшасындағы:
«25 929 655» деген сандары «26 394 368» деген сандарына ауыстырылсын;
«6 727 393» деген сандары «7 192 106» деген сандарына ауыстырылсын;
2) тармақшасындағы:
«27 050 263» деген сандары «27 031 276» деген сандарына ауыстырылсын;
5) тармақшасындағы:
«-1 108 108» деген сандары «-624 408» деген сандарына ауыстырылсын;
6) тармақшасындағы:
«1 108 108» деген сандары «624 408» деген сандарына ауыстырылсын;
3-тармағындағы:
«108 989» деген сандары «98 843» деген сандарына ауыстырылсын;
6-2-тармағындағы:
«және кредиттер» деген сөздері алып тасталсын;
«1 015 111» деген сандары «1 001 004» деген сандарына ауыстырылсын;
«48 763» деген сандары «22 269» деген сандарына ауыстырылсын;
«27 648» деген сандары «26 023» деген сандарына ауыстырылсын;
«483 700» деген сандары «483 712» деген сандарына ауыстырылсын;
«455 000» деген сандары «469 000» деген сандарына ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.