Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 30 маусымдағы № 252-ө бұйрығы
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерді арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудің салалық нормаларын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы | Б. Нұрымбетов |
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
минстрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 252-ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістердің
тізбесі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Банк қызметкерлерін жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудің салалық нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 168-Ө бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банк қызметкерлерін жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудің салалық нормаларында:
барлық мәтіні бойынша «жеке қорғану құралдарының атаулары» 3-бағандағы:
«Мастер-Универсал», «Молескин-Стандарт», «Хамелеон-Стандарт», «Мастер-Люкс» және «Авизент» пен «TRITON» деген сөздер алып тасталсын.