2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының № 464 шешімі
(2012.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының 2012.03.04. III сессиясының № 37 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының V сессиясының 2012.08.06. № 55 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының VІІ сессиясының 2012.10.08. № 77 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; Қарағанды облыстық мәслихатының ІХ сессиясының 2012.06.11. № 101 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); Қарағанды облыстық мәслихатының Х сессиясының 2012.05.12. № 106 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 147272850 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 37489269 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1166170 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 2900 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 108614511 мың теңге;
2) шығындар - 148774840 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 2217063 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 3265889 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1048826 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - алу 155722 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 155722 мың теңге;